«Отандастар» оқу залы

2020 жылғы 27 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар қоры» КЕАҚ бастамасымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында «Отандастар» оқу залының  ашылуы және «Қазақ әлемі»  -  «Мир казахов» атты 2 томдық кітабының электронды нұсқасының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар «Отандастар» кітапханасы қорын толықтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Кітаптар базасын құру және шетелде тұратын отандастардың шығармаларын жариялау мақсатында Ұлттық кітапхананың теңгеріміне 2000-ға жуық кітап берілді, 3020-ға жуық кітап АҚШ, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Германия, Түркиядағы отандастарымызға жіберілді.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында «Отандастар» оқу залы жобасының аясында отандастарымыздың шығармаларының тұсаукесер рәсімі  ұйымдастырылды. Соның ішінде:

-Колумбия университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы отандасымыз Гүлнар Кендербайдың (Нью-Йорк, АҚШ) «Он алтыншы ғасырдан он тоғызыншы ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы (Лондон, Routledge, 2020)» атты кітабының халықаралық онлайн-тұсаукесер рәсімі өткізілді;

- Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жазушы Үзбен Құрманбайұлының «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі және пайдасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті;

- Қытай Халық Республикасының тумасы, жазушы қандас Болат Бопайұлын «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және атағымен салтанатты марапаттау, сондай-ақ автордың қазақ ұлттық дәстүрлері туралы кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті және т.б..

04 Наурыз 2022

Кері байланыс

Записаться