ДОМБЫРА КУРСЫ ЖАЛҒАСАДЫ!

«Отандастар қоры», Отандастар академиясы жобасы шеңберінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» мен бірлесе отырып, «ҰЛТТЫҚ САЗ АСПАПТАРЫ» онлайн-жобасының «Домбыра» курсын 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап қайта жалғастырады.

Домбыра сабағын Алматы қаласындағы аталмыш мектеп-интернаттың халық аспаптары бөлімінің домбыра аспабының оқытушысы Дана Ақылбекқызы Оспанқұлова жүргізеді.
Тәжірибелі маманның мақтаулы шәкірттері көптеген халықаралық, республикалық байқауларда лауреат атанып, көш басынан көрініп жүр.

Домбыраның онлайн сабақтары ZOOM-платформасында өтеді.
Бастауыш тобы: 2022 жылғы 16 қыркүйектен бастап (әр жұмада), 20.00-де. Жалғасу тобы: 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап (әр сенбіде), 17.00-де

Оқу курсына тіркелу және ақпарат алу үшін WhatsApp +77017307782 номеріне хабарласыңыз.
Қапыда қалмаңыз,
Оқу курсын жалғаңыз!

16 Қыркүйек 2022

Кері байланыс

Записаться