ҚР СІМ қарасты "Отaндaстaр қоры" КеАҚ басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Қырғызстандағы қазақ қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті

03 Тамыз, 2023

Кездесу барысында бауырлас қос мемлекет арасындағы достық көпірді нығайту, Қырғызстандағы этникалық қазақтардың әлеуетін арттыру және жастарға қолдау көрсету тақырыптары талқыланды.

Соның ішінде, алдағы уақытта Қазақстанда өтетін іс-шараларға көрші мемлекеттен келетін кандастарымыздың санын арттыру, "Жас қазақ" жазғы этно-лагеріне берілетін жолдама санын көбейту, сонымен қатар, елге келіп білім алам деген жастарға барынша қолдау білдіру, қазақ тілі курстарын дамыту мәселелерін шешудегі оң бағыттар қарастырылды.

Кездесуді қорытындылай келе, "Әр қазаққа - бір кітап” акциясы аясында келген меймандарға 50 шақты кітап қоғам атынан сыйға тартылды

ҚР СІМ қарасты "Отaндaстaр қоры" КеАҚ басшысы Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Қырғызстандағы қазақ қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті