Бүгін “Отaндaстaр қоры” КеАҚ жоба үйлестіруші, қоғам президентінің кеңесшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин - Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың жарлығымен “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды

04 Тамыз, 2023

Дәрежелі орденді Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуу мырза табыстай отырып: “Марапат лайықты иесін тапты деп ойлаймын. Бұл орденнің дәрежесі өте жоғары”,- деп Қалыбек Ибрагимұлына 2013-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін абыроймен атқарып, екі ел арасындағы достық көпірдің нығаюына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Кездесуді қорыта келе, “Отaндaстaр қоры” КеАҚ президенті Абзал САПАРБЕКҰЛЫ Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуу мырзаға Моңғолия қазақтарының IV кіші Құрылтайы аясында өткен іс - шаралардың, мәдени және рухани кештердің жоғары дәрежеде өтуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, қазақтың салт-дәстүріне сай иығына шапан жапты. Көрші қос мемлекеттің арасындағы алтын көпір нығайып, болашақты оң нәтиже беретін жобалардың көбеюіне тілектестік білдірді

Бүгін “Отaндaстaр қоры” КеАҚ жоба үйлестіруші, қоғам президентінің кеңесшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин - Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың жарлығымен “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды