Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасымен (YTB) өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

23 Қараша, 2022

Бауырлас қазақ және түрік диаспораларының ынтымақтастығы одан ары арта түседі

2022 жылғы 23 қарашада «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасы (YTB) арасында диаспора саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның аясында, Тараптар өз салалары бойынша ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында диаспора мәселелеріне қатысты тәжірибе алмасуға, бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Сонымен қатар, қазақ және түрік халқының ортақ құндылықтарын насихаттау мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. Мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, білім беру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті. Диаспораларға олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға көмектесу үшін мәдени, әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Қол қою рәсіміне “Отандастар қоры” КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы мен Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасының төрағасы Абдуллах Эрен қатысты.

Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасымен (YTB) өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды