Түмен облысында екінші онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады

21 Ақпан, 2020

Бүгін Халықаралық ана тілі күні орай Ишим қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды.

Сыныптың салтанатты ашылуына "Түмен облысы қазақтарының ұлттық мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ибраев, Түмен облысының Білім және ғылым департаментінің басшысы Алексей Райдер және Ишим қаласының әкімі Федор Шишкин қатысты.  

Қазақ сыныбы №12 мектеп базасында орналасқан. Бүгінде қазақ тілін үйренуге ниетті 53 этникалық қазақ балаларынан өтініш келіп түсті. 

Жоба "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Қор тарапынан онлайн сыныпты ашу үшін арнайы құрылғылар жіберілген болатын. 

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" РГ ақпараттық порталында да жарияланды.

Түмен облысында екінші онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады