Қосағашта онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды

18 Ақпан, 2020

Қосағашта қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды.

Онлайн сынып Ресейдің Алтай Республикасындағы Қосағаш ауылында өткен "Қосағаш ауданындағы қазақ тілін оқытудың дамуы, мәселелері және болашағы" атты халықаралық конференциясы шеңберінде "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен ашылды.

Қосағаш ауданы білім беру басқармасы және Қосағаш қазақтарының жергілікті қоғамдық ұйымы ұйымдастырған іс-шараға "Отандастар қорының" өкілдері онлайн режимдегі телекөпір арқылы қатысты.

"Отандастар қорының" вице-президенті Мағауия Сарбасов конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, қор басшылығы қазақ тілін дамытуға бағытталған іс-шараларды әрдайым қолдап, оң бағасын беретінін жеткізді.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды. 

Қосағашта онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды