Бішкекте онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды

03 Наурыз, 2020

Қырғызстан астанасында қазақ тілін оқытатын онлайн сынып ашылды.

Онлайн сынып ашуға қажетті құрылғылар топтамасы "Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігіне табысталды. "Отандастар қорының" бастамасымен қазақ тілін онлайн үйрену мүмкіндігі пайда болды. Аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте білікті мамандар қандастар үшін сабақ өткізеді. 

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігің тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін 12 елде 31 онлайн сынып ашу жоспарланған.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

Бішкекте онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды