Санкт-Петербургте қазақ тілін онлайн үйрететін сынып ашылды

11 Ақпан, 2020

Санкт-Петербургте онлайн қазақ тілі сыныбы жұмысын бастады.

Жоба "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Арнайы құрылғылар "Ата-Мекен" өңіраралық қоғамдық бірлестігіне жіберілді. Онлайн сынып Ұлттық әдебиеттер кітапханасында орналасқан. 

1 ақпан және 30 мамыр аралығында онлайн оқытудың І семестр сабақтары өтеді. Қатысу үшін "OQ-BILIM" телеграм каналына жазылып, сілтеме арқылы өту керек. Семестр соңында курс тыңдаушылары тестілеуден өтіп, арнайы сертификатпен марапатталады. Курсты сәтті аяқтаған мектеп оқушылары Қазақстандағы жазғы лагерлерге тегін жолдама алады.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.  

Санкт-Петербургте қазақ тілін онлайн үйрететін сынып ашылды