Орынборда екінші онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды

09 Ақпан, 2020

Бұл жолы онлайн сынып Первомайсктағы мәдени орталықта ашылды. Сыныпты ашуға қажетті техникалық құрылғылар “Бәйтерек” қайырымдылық қорына жіберілді. Сабақтар онлайн форматта Microsoft Teams бағдарламасы арқылы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, жоба “Отандастар қоры” КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін 12 елде 31 онлайн сынып ашу жоспарланған.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

Орынборда екінші онлайн қазақ тілі сыныбы ашылды