Қобда қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

01 Қараша, 2020

Бүгін Моңғолияның Қобда қаласындағы Жастар және оқушылар сарайында қазақ тілінің онлайн сыныбының ашылу салтанаты болды.

Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолияның Қобда аймағындағы өкілі Зиба Яасайқызы ашып берді.

Қобда қаласындағы "Қазақ ұлттық Али" ЖШС-ның төрағасы Мұрат Долдайұлы "Отандастар қорының" жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол  Отандастар қоры жіберген теледидар, ноутбук, қастерлі қалам сияқты оқытуға арналған техникалық құрылғыларды таныстырып, "Otandastar channel" каналынан қазақ тілін үйрену әдістемелерін түсіндірді.

Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалардың үйде қазақ тілін үйрену қажеттігін тілге тиек етті. Осы сарайда аптасына екі рет Qazaq klassy сыныбын тұрақты жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" ақпараттық порталында да жарияланды.

Қобда қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды