Қытай Халық Республикасы азаматтары Қазақстанға келмес бұрын, құжаттарын алдын ала апостильдеуі қажет!

24 Қараша, 2023

Өте маңызды❗️❗️❗️

2023 жылғы Қытай Халық Республикасы Гаагада жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) қосылғанын хабарлаймыз. Конвенция ҚХР-ға қатысты 2023 жылғы қараша айында күшіне енді.

Конвенция күшіне енген сәттен бастап Қытайдың Қазақстанда пайдалану үшін беретін ресми құжаттары бұдан былай консулдық заңдастыру рәсімінен өтпейді, оның орнына Қытайда қосымша сертификаттар (апостиль) берілетін болады.
Сертификаттар (апостиль) оған елтаңбалы күміс түсті мөр бекітілген жапсырма түрінде ресімделеді (жапсырма және мөр форматы қоса берілген).
Қытайда сертификаттар (апостиль) беру бойынша уәкілетті орган - Сыртқы істер министрлігі болып табылады.

Сондай ақ, сыртқы істер кеңселері өздерінің әкімшілік аудандарында берілген ресми құжаттарға сертификаттар (апостиль) береді.
Ендігі кезекте, Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстанға келмес бұрын, құжаттарын алдын ала апостильдеуі қажет!

Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қорының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласыңыз!
• 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
• 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
• +7(7172) 98 1404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.

Қытай Халық Республикасы азаматтары Қазақстанға келмес бұрын, құжаттарын алдын ала апостильдеуі қажет!