Qazalem веб-платформасы туралы

21 Желтоқсан, 2023

Qazalem - шетелдегі отандастарды біріктіру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған веб-платформа.

Платформа жаңалықты, Қазақстан туралы энциклопедияны, диаспоралар мен қауымдастықтар картасын, елшіліктер мен консулдықтардағы брондау қызметтерін, SOS модулін ұсынады. Көшіп келуді жоспарлап отырған отандастар үшін заңгерлік кеңес беру және қандас дерекқорына тіркелу мүмкіндігі бар.

Сайт төрт тілде қол жетімді: қазақ, орыс, ағылшын, қытай.

«Metaalem» және «Yurt» жобалары енгізілді. Болашаққа жоспарлар-виртуалды заң кеңсесі, бос жұмыс орындары модулі, бейне сабақтар бөлімі, оқуға құжаттар беру, конкурстар мен іс-шараларды өткізу, сондай-ақ оларға веб-платформа арқылы тіркелу.

Qazalem - бұл жай ғана платформа емес, мемлекет пен шетелдегі отандастар арасындағы байланысты нығайтуға, олардың өзекті мәселелерін қолдау мен шешуге бағытталған онлайн-сервис.

Cайт сілтемесі: https://qazalem.kz/kk

Qazalem веб-платформасы туралы