Ұлттық құндылықтарды үйрету жобасына өтінімдер қабылдау басталды

25 Қаңтар 2024

«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) биыл да дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу мақсатында шетелдегі қазақтар шоғырланған елдерде домбыра, би, қазақша күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ т.б. оффлайн сабақтарды өткізетін мұғалімдерді қаржыландыруды жалғастырмақ.

📌Жоба қазақ халқының дәстүрлі спорт пен өнер түрлерін кеңінен таныстыруға және отандастардың ұлттық санасын рухани жаңғыртуға негізделген. Қоғам үйірме жобасын алғаш 2023 жылы сәуір айында бастаған болатын.

🖇️ Жобаның талаптары:

✅️Ұйым немесе жеке тұлғалар тарапынан өтініш;

✅Оқытушының өз кәсіби біліктілігін растайтын құжаты;

✅жылдық оқыту жоспарының болуы;

✅сабақтарға қатысатын отандастар мен этникалық қазақтар саны 15-тен кем болмауын жоспарлау;

✅өткізілетін сабақтар айына 12 сабақтан кем болмауы;

✅сабақтарды өткізу нәтижелері туралы айлық есептерін Қоғамға тапсыру (фото/видео).

❗️Ережелерге сай жасақталған өтінімдеріңізді otandastarqory01@gmail.com эл.поштасына 25.01.2024 жылға дейін жолдаңыз!

📱Толығырақ +7 777 227 7984 / Лаура Болатова

🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Рухани жаңғыруға бірге қызмет етейік!

Ұлттық құндылықтарды үйрету жобасына өтінімдер қабылдау басталды