Мәжіліс көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасын қарайды

14 Ақпан 2024

«Қандас» мәртебесін беру тәртібі жетілдіріледі

Түзетулерді екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар «қандас» мәртебесін беру тәртібін жетілдіруге бағытталған жаңа норма әзірледі. Енді «қандас» мәртебесін және Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірген адамдардың ұлты қазақ екенін анықтау тәртібі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сондай-ақ қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтардың жеке отбасы мүшелері, қандастардың жесірлері және олардың ортақ балалары енгізіледі.

Азаматтық алудың оңайлатылған тәртібін қолдана алатын адамдар санаты кеңейтілді

Енді елімізде заңды түрде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жесірлері тұру мерзіміне қарамастан оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан азаматтығын ала алады. Сондай-ақ бұл қатарға халықаралық шарттар негізінде оңайлатылған тәртіппен Қазақстан азаматтығын алуға құқығы бар адамдар да кіреді.

Көшіп-қонушыларға егін шаруашылығымен айналысу үшін жер жалға беріледі

Заң аясында көшіп-қонушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Үкімет айқындаған қабылдаушы өңірлерден конкурссыз ала алады. Олар бес жылға дейінгі мерзімге және иеліктен шығару құқығынсыз уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы негізінде беріледі. Бұл ретте жер учаскелерінің көлемі ең аз мөлшерден аспауы керек, ал шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде иеліктен шығару және беру құқықтары көзделмейді. Өңірден көшкен кезде жер пайдалану құқығы тоқтатылады. Мұндай аймақтарда 5 жылдан астам тұрып, өз міндеттерін тиісінше орындаған қоныс аударушылардың жаңа мерзімге шарт жасасуға басқаларға қарағанда басым құқығы болады. Сонымен қатар заң жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті көшуге қатысушыларға қоныс аудару үшін төленетін мемлекеттік субсидияларды қорғау нормасы белгіленді. Банктер мен қаржы ұйымдарының алдындағы несиелік міндеттемелері бойынша алымдардан тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеу енгізіледі.

Дереккөз: ҚР Парламенті Мәжілісі

Мәжіліс көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасын қарайды