Заңды тұлғалар және кәсіпкерлер назарына! Тауарларды сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама


«Отандастар Қоры» КеАҚ «Шетелдегі қазақ іскерлік үйі үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды ұсыну» мемлекеттік тапсырмасы аясында төменде көрсетілген тауарларды сатып алатыны туралы хабарлайды.

 

Атауы

Техникалық сипаттамасы

Саны

1.

Домбыра

Өлшемі – 48, кәсіби, шырша-қайың

5 дана

2.

Домбыра қабы

Қап бауымен бірге, матадан жасалған

5 дана

3.

Қыл-Қобыз қабымен

Екі ішекті, ыспaлы. Корпусы ағаштан, жоғарғы бөлігі шыршадан. Өлшемі жалпы ұзындығы 65см

1 дана

4.

Шертер қабымен

Өлшемі: корпус ұзындығы – 27см, корпус ені – 19 см, гриф ұзындығы – 25см, басы – 11 см. Қайың-бук-үйеңкі ағаштарынан жасалған.

2 дана

5.

Асатаяқ

Көмекші ұрмалы-шулы аспап. Корпусқа металл жолақтар мен қоңыраулар ілінеді. Ұзындығы - 48 см, ені - 20 см.

1 дана

6.

Дабыл

Ұрмалы музыкалық аспап. Корпус қатты ағаштан жасалған. Құралдың алдыңғы бөлігі ешкі терісінен жасалған. Диаметрі – 50-52 см, корпусының биіктігі – 7-8 см. Жиынтықта соққы таяқшасы бар.

2 дана

7.

Дабыл қабы

Қап бауымен бірге, матадан жасалған

2 дана

8.

Контрабас

Контрабас — ыспалы ішекті аспап. Ішектері металлдан.

1 дана

9.

Контрабас қабы

Қап бауымен бірге, матадан жасалған

1 дана

10.

Шаңқобыз футлярымен

Шанқобыз үрмелі музыкалық аспап. Болаттан жасалған. Қамыс корпусқа бекітіледі. Футляр инструмент пішіне сай қайыңнан жасалған.

2 дана

11.

Әйелдер шапаны

Ұзын жеңді әйелдер камзол, өлшемі: 48-54, матасы: қырқылған барқыт, астары бар және ұлттық ою-өрнектері бар (ою-өрнектердің дизайны алдымен Тапсырыс берушімен келісілуі керек) 

10 дана

 

        Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 13 қарашаға дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына немесе Қонаев 12/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Отандастар Қоры» КеАҚ кеңсесінде қолма-қол қабылданады.

 

«Отандастар Қоры» КеАҚ

06.11.2023 жыл