Қазақ диаспорасын карталау үшін ономастикалық талдау жүргізу» тақырыбындағы талдамалық зерттеуі Халықаралық көші-қон ұйымының Даму қорының (IOM IDF) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.


Бұл зерттеу сандық (респонденттердің сауалнамасы) және сапалық (сарапшылармен сұхбат) әдістері негізінде 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың тамызы аралығында жиналған ақпараттарды қамтиды. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі статистикалық деректер, сауалнама мен сұхбаттар нәтижесінде Қазақстанмен шекаралас аймақтарда (РФ) орналасқан қазақ диаспорасының орнығуын анықтау.

Сауалнамаға қатысқан РФ-тың шекаралас аймағында тұратын қазақтардың көпшілігінің Қазақстанда (шекара маңы аумағында) тұратын туыстары мен достары бар екендігі белгілі болды. Екі елдің қазақтары арасындағы байланыс өте тығыз. 51 шекаралаық өткізу пунктінің болуы екі ел арасындағы байланысты жеңілдететіндігі негізгі факторлардың бірі ретінде анықталды.


© 2022 International Organization for Migration (IOM)

* Баяндамада білдірілген пікірлер авторлардың жеке пікірлері ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысында көрсетілген ақпараттар мен тұжырымдар Халықаралық көші- қон ұйымының, ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын білдірмейді. Аталаған еңбекте баяндалған материалдар мен қолданылған белгілер қандайда бір елдің, территорияның, қаланың немесе оның әкімшілігінің, немесе шекарасының, немесе межелерінің құқықтық мәртебесіне қатысты Халықаралық көші- қон ұйымының, ҚР СІМ «Отандастар қоры» КеАҚ ұстанымын меңземейді.

1.Қазақ диаспорасын карталау үшін ономастикалық талдау жүргізу