2023 жылға арналған «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының арнайы мақсаттағы аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер


  • 2023 жылға арналған «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының арнайы мақсаттағы аудитін жүргізу жөніндегі қызметтердің техникалық ерекшелігі
  •  
  • «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Тапсырыс беруші)  арнайы мақсаттағы аудиті квазимемлекеттік сектор субъектісінің аудиторлық қызмет туралы заңнамада, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында көзделген талаптарға, «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №21-НК нормативтік қаулысында көзделген ережелерге сәйкес бюджет қаражатын пайдалануы мәселесі бойынша (бұдан әрі – Ереже).
  •  
  • Арнайы мақсаттағы аудитпен қамтылатын кезең: 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.
  •  
  • Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында және мемлекеттік аудит туралы заңнамада көзделген шектеулерді ескере отырып, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
  •  
  • Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы аудитін аудиторлық ұйым аудиторлық қызмет туралы заңнамада және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, әзірленген аудит бағдарламасына сәйкес жүргізеді.
  •  
  • Аудиторлық ұйым арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтер, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, коммерциялық құпия болып табылады.
  •  
  • Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы аудитінің нәтижелері бойынша арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды жасалады, онда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға ықпал ететін себептер, жағдайлар анықталған кезде оларды жою жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
  •  
  • Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы аудиті бойынша аудиторлық қорытынды нысандар бойынша және Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес жасалады.
  •  
  • Орындаушыға қойылатын талаптар:
  • 1) Орындаушыда уәкілетті орган берген аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы тиіс.
  • 2) Орындаушыда міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасалған аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы тиіс.
  • 3) 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 – V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жеткізушіден соңғы бір жыл ішінде әкімшілік жазалардың болмауы тиіс (растау хат).
  •  
  • Қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
  • 1) Тапсырыс беруші Орындаушы аудиторды (лерді) жеке жұмыс орнымен (үстел мен орындықтар) және қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттамамен қамтамасыз етеді.
  • 2) Орындаушы аудиторды (ларды) қызмет көрсету үшін қажеттінің бәрімен дербес қамтамасыз етеді.
  • 3) Орындаушы Тапсырыс берушінің қызметтер көрсету процесінде алынған қаржы-шаруашылық және өзге де қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға және бұл ақпаратты жеке мақсаттарда немесе үшінші тараптың мүддесінде пайдаланбауға міндетті.
  •  
  • Қызмет көрсету нәтижелері мен мерзімдері
  • Әлеуетті орындаушы қызмет көрсету кезінде «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес басшылыққа алуға тиіс.
  •  
  • Алдын ала келісу үшін шығарылғанға дейін 5 жұмыс күн бұрын арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындысының жобасын дайындау және ұсыну.
  •  
  • Орыс және қазақ тілде мың теңгемен ұсынылған аудиторлық есептің түпнұсқаларын шығару 3 (үш) данада ұсынылсын.
  •  
  • Аудит объектісіне 2023 жылдың 12 айындағы аудит қорытындысы бойынша ұсыныс-хаттарды дайындау және ұсыну.
  •  
  • Тапсырыс берушінің арнайы мақсаттағы аудит жөніндегі басшылығына орыс және қазақ тілде кемінде 2 (екі) дана хат.
  •  
  • 2023 жылға арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындысы соңғы мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей.
  •  
  • Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1.
  •  
  • Төлем тәртібі: шартының талаптарына сәйкес Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін ақы төлеу.
  •  
  • Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру а.ж. 10 наурызға дейін  g.kudabekova@oq.gov.kz  электронды поштасына немесе Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 («Аманат» партиясының ғимараты), 3 қабат мекен-жайы бойынша қабылданады.
  •  
  • «Отандастар Қоры» КеАҚ
  • 28.02.2024 ж.