Дәстүрлі өнерді және ұлттық спортты үйрету курстарын ұйымдастыру бойынша қызметін сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама


«Отандастар Қоры» КеАҚ шетелдегі отандастарымызға «Шетелдегі отандастарды ұлттық өнер және/немесе спорт түрлеріне оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік тапсырма аясында «домбыра» және «тоғызқұмалақ» үйрету курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметін сатып алатыны туралы хабарлайды.

Қызметтің техникалық сипаттамасы:

  1. оқытушының кәсіби білікті маман болуы немесе біліктілігін растайтын құжатының болуы;
  2. 3 ай оқу мерзіміне арналған оқыту жоспарының болуы;
  3. үйрету курс сабақтары аптасына кем дегенде 3 сағат жалғасып, барлығы кемінде 36 сабақтан құралуы тиіс;
  4.  үйрету курстарының аудиториясы этникалық қазақтар мен отандастардан тұратын кемінде 15-20 қатысушылар тізімін алдын ала құру;
  5. ай сайын Оқытушы өткізген үйрету курстары бойынша айлық есебін Тапсырыс берушіге тапсыру (фото, видео материалдарымен қоса) қатысушар тізімімен қоса (аты-жөні, жасы, қаласы);
  6. негізгі міндеттерін сапалы атқарылуы;
  7. сабақтың мазмұнына, жобаның қажетті деңгейде насихатталуына жауап берілуі керек.

 

Үйрету курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметін сатып алатын нақты нұсқасы тапсырыс берушімен келісілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінім, коммерциялық ұсыныс беру 25 тамызға дейін info@oq.gov.kz электронды поштасына қабылданады.

 

«Отандастар Қоры» КеАҚ

09.08.2023 жыл