Қазақстандағы жастар ұйымдары

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.

  • ЖРО негізгі міндеттері:
  • - Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу;
  • - Бейресмибілім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, компетенцияларын және дербестігін дамыту;
  • - Өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету;
  • - Жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жасау және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу;
  • - Әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
  • - Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету.

ҚР-дағы ЖРО саны - 231.

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ

Қазақстан студенттерінің альянсы (әрі қарай – ҚСА) – студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жастар ұйымы. Ұйымның миссиясы: Қазақстан Республикасы студенттерінің зияткерлік, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыру үшін жағдай жасау. 

  • ҚСА мақсаты:
  • - Ел студенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
  • - Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және дамыту
  • - Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
  • - Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту
  • - Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • - ҚСА ішкі және сыртқы әрекеттесуін жетілдіру
  •  
  • Қазақстан студенттер Альянсының негізгі жобалары:
  • - Республикалық жазғы, қысқы студенттер лагері
  • - «Жыл студенті» республикалық байқауы
  • - «Таза сессия» операциясы
  • - «Қалайсың, студент?», «Студенттер үйі 2.0» республикалық байқауы
  • - «Сіз қалай тамақтанасыз, студент?» республикалық байқауы
  • - «Қазақстан Республикасы студенттерінің қоғамдық көліктердегі артықшылықтары» қоғамдық мониторингі
  • - «Жас сақшы» құқық қорғау органдарының студенттік бөлімшелері
  • - «StudUnion» республикалық жобасы
  • - Республикалық спартакиада
  • - Пікірсайыс турнирі 
  • - Студенттер слёті