Qasıetti Qazaq eli – халықаралық өнер фестивалі



«Qasıetti Qazaq eli» халықаралық өнер фестивалі шетелдегі отандастарымыздың арасынан дарынды жастарды анықтау, оларды Қазақстанға тарту арқылы одан әрі ілгерілету үшін жыл сайын ұйымдастырылады. Фестиваль фольклорлық өнердің бірегей жанрларын, музыкалық және қолданбалы өнердің бірегей үлгілерін сақтауға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастардың шығармашылық және білім беру әлеуетін арттыру мақсатында өткізіледі.

Фестивальде 4 номинация бойынша байқау ұйымдастырылады: мүшайра, терме мен күй, халықтық-қолданбалы өнер, вокал (дәстүрлі ән салу).

Фестивальге 16 және одан жоғары жастағы шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен этникалық қазақтар және әлі азаматтық алып үлгермеген қандастар қатысады.

2022 жылғы 12 тамызда Тараз қаласында «Qasıetti Qazaq eli» халықаралық өнер фестивалі өтті. Оған 8 елден 35 өнерпаз қандастарымыз қатысты. Қомақты жүлделі сыйлықтар берілді. Жалпы байқауға қатысуға отандастарымыздан 145 өтініш келіп түсті.