Ұлы Дала – шетелдік отандастардың кітаптарын шығару жобасы



«Отандастар қоры» Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесе отырып, шеттегі қазақ қаламгерлерінің үздік туындылары мен шығармашылығын Атажұрттағы оқырманға таныстыру мақсатында «Ұлы Дала» сериясымен кітаптар шығаруды қолға алды. Арнайы байқау жарияланып, құрамында білікті мамандар мен қаламгерлер енген қазылар алқасы құрылды. Аталған қазылар алқасының іріктеуінен өткен 10 кітап алғашқы лекпен оқырманға жол тартқалы отыр. Бұлар - Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдеріндегі қазақ қаламгерлерінің бұрын елімізде жарық көрмеген еңбектері. Оның ішінде өлеңдер жинағы, көркем проза, тарихи-танымдық зерттеу, естеліктер және көркем аударма бар.

  • «Ұлы Дала» сериясымен жарық көретін кітаптар:
  • 1. «Сеңгір таулар» дилогиялық роман. Авторы: Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның халық жазушысы. Елі: Моңғолия.
  • 2. «Маусымжан» соңғы жылдары жарық көрген әр-түрлі тақырыптағы  әңгімелер жинағы. Авторы: Шынай Рахметұлы, Моңғолияның халық жазушысы. Елі: Моңғолия.
  • 3. «Жыр күмбезі». Бұл кітапқа Қытайдағы қазақ ақын Қызырбек Ораловтың  1956-1964 жылдар аралығында жазылған бір том өлеңдері жинақталған. Жинақта ақынға арнаулар мен оның өмірінің кейбір кезеңдері жайында жазылған  құнды естелік, мақалаларға да орын берілген.  Авторы: Қызырбек Оралов, ақын. Елі: Қытай. Құрастырған: Жәди Шәкенұлы, жазушы.
  • 4. «Қайтқан қаздың дауысы». Бұл кітапқа Қытай қазақтарына танымал ақын К. Сәскиннің әр жылдары жазған таңдамалы өлеңдері енгізілген. Ақын өлеңдері классикалық дәстүрімен және сөздік қорының молдығымен ерекшеленеді. Авторы: Көпбосын Сәскин, ақын, жазушы. Елі: Қытай.
  • 5. «Антиөлшем» поэзияға арналған сыни мақалалар жинағы. Авторы: Сұраған Рахметұлы, ақын, жазушы. Елі: Моңғолия.
  • 6. «Казахи Волгоградской области: история и современность» Волгоград обылысындағы қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен ұйымдардың тарихы, тарихи танымдық еңбек. Авторы: Геннадий Ташпеков, тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты. Елі: Ресей.
  • 7. «Еуропадағы  қазақ диаспорасының тарихы  және қазіргі жағдайы» тарихи-танымдық еңбек. Қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайы сөз болады. Авторы: Досан Баймолда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, ғалым. Елі: Моңғолия.
  • 8. «Керуен-ғұмыр» тарихи танымдық еңбек. Моңғол елінде өмір сүрген Баян-Өлгий қазақтарының өмір тіршілігін баяндайтын авто-биографиялық еңбек. Авторы: Таухай Тайф, театр сахнасының қайраткері, жазушы. Елі: Моңғолия.
  • 9. «Сары қаймақ сағыныш» поэма, толғау, өлеңдер жинағы. Авторы: Байыт Қабанұлы, танымал ақын, жазушы. Елі: Моңғолия.
  • 10. «Қытайдағы қазақ ақындарының айтысы» Қытайдағы қазақ ақындарының айтыс жинағы. Авторы: Бата Кәдірхан, ақын. Елі: Қазақстан.